Вход / Регистрация

Отвечаем 24/7 без выходных

+7 (708) 911-37-90
+7 (708) 911-37-90

Отвечаем 24/7 без выходных

Записаться онлайн

Вход /
Регистрация

ПЭТ-КТ: Ғылым дәлелдеген дәлдік

ПЭТ-КТ: Ғылым дәлелдеген дәлдік

15.05.2025

“ЭМИРМЕД” медицина орталықтарында біз тек тексеру жүргізіп қана қоймаймыз, сондай-ақ ерте әрі нақты диагностика жасауға жол ашамыз. Әсіресе қатерлі ісік секілді күрделі ауруларды анықтауда бұл аса маңызды. Сол жолдағы ең сенімді құралдарымыздың бірі — позитронды-эмиссиялы томография- компьютерлік томография (ПЭТ-КТ).


 

Бірақ бізді өзгелерден ерек ететін нәрсе — біз зерттеуге қажет радиофармацевтикалық препараттарды өзіміздің орталықта өндіреміз.

 

Бұл не үшін маңызды?

 

Радиофармацевтикалық препараттар — құрамында радиоактивті изотоптар бар заттар. Олар науқасқа зерттеудің алдында енгізіледі. Препараттар ағзадағы патологиялық ошақтарды “жарыққа шығарып”, маманға ауруды терең, молекулалық деңгейде көруге мүмкіндік береді.

 

Алайда бұл жерде бір шешуші жайт бар: радиоактивті изотоптардың жартылай ыдырау мерзімі өте қысқа. Яғни олар өндірілген сәттен бастап тез арада пайдаланылуы қажет. Кідіріс болса — препараттың белсенділігі төмендейді, демек, диагностика дәлдігі де бұзылады.

 

Біздің артықшылығымыз — препаратты өзіміз өндіреміз

 

“ЭМИРМЕД Қалқаман” филиалында радиофармацевтикалық препараттар тікелей өзіміздің базамызда дайындалады. Бұл — бізге мынадай артықшылықтар береді:

 

Диагностиканың жоғары дәлдігі: Препарат оңтайлы уақытта енгізіледі, бұл кескіннің анықтығын арттырады.

Зерттеудің дер кезінде өтуі: Жеткізуді күтпей-ақ, науқасқа жоспарлы түрде қызмет көрсетіледі.

Сапаны толық бақылау: Өндіруден бастап, енгізуге дейін барлық кезең дәрігерлік бақылауда.

 

ПЭТ-КТ қандай жағдайда қажет?

 

ПЭТ-КТ келесі медициналық жағдайларда жиі қолданылады:

 

• Онкологиялық ауруларды анықтау, бастапқы және метастаздық ошақтарды табу;

• Емнің тиімділігін бағалау (мысалы, химиотерапия немесе радиотерапиядан кейін).

 

Неліктен ЭМИРМЕД-ті таңдайды?

 

Себебі “ЭМИРМЕД” — тек технология қолданатын мекеме емес. Біз оларды жетілдіріп, әрбір емделушінің қажетіне бейімдейміз. Жоғары қауіпсіздік, дәлдік пен мұқият медициналық көзқарас — біз ұсынатын стандарт.

 

Толығырақ “ЭМИРМЕД Қалқаман” филиалы және ПЭТ-КТ туралы мына бейнематериалда көре аласыз.


 

Запись на прием в EMIRMED

Запишитесь на прием сегодня, легко, быстро, удобно

Новости и акции

Статья
technologies

Чем опасна паховая грыжа?

10.01.2025

Паховая грыжа — одно из самых распространенных хирургических заболеваний, которое возникает, когда органы брюшной полости выпячиваются через ослабленную часть пахового канала. Это заболевание поражает около 5% взрослого населения, причем мужчины страдают от паховой грыжи в 10 раз чаще, чем женщины. В большинстве случаев оно диагностируется у людей старше 40 лет, однако существует риск развития грыжи и у детей, а также у женщин, например, в период беременности. Несмотря на это, многие люди не обращают внимания на начальные симптомы и откладывают визит к врачу, что может привести к осложнениям.

 

Своевременная диагностика и лечение паховой грыжи необходимы для предотвращения таких осложнений, как ущемление грыжи, некроз тканей и перитонит. В этой статье мы расскажем, что такое паховая грыжа, как ее распознать и какие современные методы лечения помогут вернуть здоровье и качество жизни.


 

slider-arrow
slider-arrow