Вход / Регистрация

Отвечаем 24/7 без выходных

+7 (708) 911-37-90
+7 (708) 911-37-90

Отвечаем 24/7 без выходных

Записаться онлайн

Вход /
Регистрация

Жаз мезгілінде көп кездесетін жарақаттар: дәрігер келгенше өзіңізге қалай көмектесуге болады

Жаз мезгілінде көп кездесетін жарақаттар: дәрігер келгенше өзіңізге қалай көмектесуге болады

21.05.2025

Жаз — демалыс пен жарқын әсерлерге толы мезгіл және белсенділік маусымы. Дегенмен, дәл осы уақытта травматологтарға жарақатпен жүгінетіндердің саны артады. Себебі де түсінікті: адамдар далада көп уақыт өткізеді, белсенді қимылдайды, велосипед айдап, самокатпен жүреді, спортпен айналысады, әрі бақшада жұмыс істейді.
 

Бұның бәрі жарақат алу қаупін арттырады.

Бұл мақалада біз жаз мезгілінде жиі кездесетін жарақат түрлері мен дәрігерлер келгенше өзіңізге немесе жақындарыңызға алғашқы көмекті қалай көрсетуге болатынын айтамыз.

 

Жазда қандай жарақаттар жиі кездеседі?

 

1. Электр және қарапайым самокаттар — жарақаттар ішінде көшбасшы

Электрсамокаттар — жылы мезгілде қалада жүрудің танымал әрі ыңғайлы тәсіліне айналды. Алайда бұл қозғалыс құралы жиі қауіпке алып келеді.

Самокаттан құлау бас-ми жарақаттарына, ішкі ағзалардың зақымдануына, қол мен аяқ сүйектерінің сынуына себеп болуы мүмкін.

Ең қауіпті жағдай — қорғаныш құралдарынсыз жүру. Сондықтан, егер тек "5 минутқа" шықсаңыз да, міндетті түрде шлем, шынтаққап және тізеқап киіңіз.

Бұл — денсаулығыңызды, тіпті өміріңізді де сақтап қалуы мүмкін.

 

2. Велосипед пен ролик 

Велосипедпен немесе роликпен жүру көбіне қауіпсіз, тіпті балаларға арналған ермек сияқты көрінеді. Алайда шын мәнінде, бұл сүйектің сынуы сияқты жайттардың жиі себебі болып жатады. Мұндай жарақаттарды тек балалар емес, ересектер де жиі алып жатады. Қарапайым тізеқап пен шынтаққап жарақат алу қаупін айтарлықтай азайтады, сонымен қатар құлаған кезде теріге түскен жаралар мен күйіктерден қорғайды.

 

3. Мотоцикл — жылдамдық пен қатер қатар жүретін көлік

Тәжірибелі жүргізушінің өзі мотоцикл айдағанда қауіп-қатерден сақтанбаған.Бүл жерде ең үлкен қауіп — көлікпен соқтығысу және ол шлем мен қорғаныс жабдықтары болса да, ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.Сондықтан тек ережені сақтау аз — жолда аса мұқият болу қажет.

 

4. Саяжайдағы жарақаттар — құрал-сайман сақтықты қажет етеді

Жаз мезгілі — табиғат аясында демалып қана қоймай, саяжайда шаруамен айналысатын, жөндеу жасап, бақша баптайтын шақ. Осындай істерде шапшаңдық пен бейқамдық жарақатқа себеп болуы мүмкін. Травмпункттерге жиі түсетіндердің бірі — ара, балға, балта секілді құралдарды дұрыс пайдаланбағаннан кейігі қол мен саусақтың жарақаттары.

Ең ауыр жағдай — саусақтың кесіліп қалуы. Мұндай сәтте не істеу керек? Кесілген бөлікті аздаған сумен дымқылданған герметикалық пакетке салыңыз; Бұл пакетті мұз салынған ыдысқа қойыңыз; Мұз бен тін арасында тікелей байланыс болмауы тиіс — бұл өте маңызды! Жараны таза дәкемен жауып, мақта немесе майлық  қолданбаңыз, олар жараға жабысып қалуы мүмкін.

 

5. Тауға серуен мен жорықтар 

Табиғатқа шығу, әсіресе таулы жерлерде серуендеу, аяққа түсетін салмақты арттырады.
Тобықты қайырып алу — туристер арасында ең жиі кездесетін жарақаттардың бірі.

Қауіптің алдын алу үшін: білекті жақсы ұстайтын аяқ киім киіңіз, мысалы, берци немесе жоғары баулы кроссовки және міндетті түрде жорық бағыты туралы туыстарыңызға немесе құтқару қызметіне ескертіп отырыңыз — кез келген төтенше жағдайда бұл өте маңызды рөл атқарады.

 

Жедел жәрдем келгенге дейін не істеу керек?  Ең жиі кездесетін жарақаттарды алғанда көрсетілетін алғашқы көмек

 

Қан кету

  • Жараға тығыз стерильді таңғыш қойыңыз;
     
  • Мүмкін болса, зақымданған қол не аяқты буында бүгіңіз — бұл қан ағуын азайтады;
     
  • Егер дайындық болса, жараның үстіндегі артерияны саусақпен қысыңыз немесе бұрау салыңыз

 

Сынған сүйек

  • Зақымданған мүшені қолда бар құралдармен, мысалы, тақтай, шыбық, тығыз мата арқылы бекітіңіз;
     
  • Қолды денеге, ал аяқты сау аяғына байлап қоюға болады;
     
  • Егер ашық сыну болса, сүйекті қолмен ұстап немесе орнына қоймаңыз — бұл оны одан сайын зақымдауы мүмкін.
     

Есінен тану

  • Адамды тегіс жерге жатқызыңыз, ең дұрысы — арқасына;
     
  • Аяқтарын көтеріп, басын сәл төмендетіңіз;
     
  • Мойын мен кеудені киімнен босатыңыз, тыныс алу жеңіл болу үшін;
     
  • Егер бар болса, нашатыр спиртін иіскетуге болады.
 

Жазғы дәрі қобдишасында не болу керек?

 

Тіпті қысқа серуен немесе қала сыртындағы саяхатқа шыққанда да алғашқы көмек көрсетуге арналған негізгі құралдарды өзіңізбен алып жүру маңызды. Мұндай қобдишада міндетті түрде болуы керек:

  • Антисептик (мысалы, хлоргексидин);
     
  • Йод немесе жасыл дәрі;
     
  • Бинттер, стерильді майлықтар және жапсырмалар;
     
  • Бұрау немесе берік белдік;
     
  • Бір реттік қолғаптар;
     
  • Қайшы және пинцет.

Жазда жарақаттардан қалай сақтануға болады?

 
  • Самокатта, роликте, велосипедте немесе мотоциклде жүргенде әрдайым қорғау құралдарын киіңіз.
     
  • Саяжайда құралдармен жұмыс істегенде абай болыңыз.
     
  • Үйде де, табиғатта да қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
     
  • Өз физикалық мүмкіндіктеріңізді асыра бағаламаңыз, артық тәуекелге бармаңыз.
     
  • Егер жорыққа шықсаңыз, маршрутыңызды туыстарыңызға немесе құтқарушыларға хабарлаңыз.
     

Жаз —  гипс және таңғыш емес, белсенді демалыс уақыты.  Қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұстансаңыз, демалыс тек қуаныш пен денсаулық әкеледі.


 

Запись на прием в EMIRMED

Запишитесь на прием сегодня, легко, быстро, удобно

Новости и акции

Статья
technologies

Чем опасна паховая грыжа?

10.01.2025

Паховая грыжа — одно из самых распространенных хирургических заболеваний, которое возникает, когда органы брюшной полости выпячиваются через ослабленную часть пахового канала. Это заболевание поражает около 5% взрослого населения, причем мужчины страдают от паховой грыжи в 10 раз чаще, чем женщины. В большинстве случаев оно диагностируется у людей старше 40 лет, однако существует риск развития грыжи и у детей, а также у женщин, например, в период беременности. Несмотря на это, многие люди не обращают внимания на начальные симптомы и откладывают визит к врачу, что может привести к осложнениям.

 

Своевременная диагностика и лечение паховой грыжи необходимы для предотвращения таких осложнений, как ущемление грыжи, некроз тканей и перитонит. В этой статье мы расскажем, что такое паховая грыжа, как ее распознать и какие современные методы лечения помогут вернуть здоровье и качество жизни.


 

slider-arrow
slider-arrow