Вход / Регистрация

Отвечаем 24/7 без выходных

+7 (708) 911-37-90
+7 (708) 911-37-90

Отвечаем 24/7 без выходных

Записаться онлайн

Вход /
Регистрация

Шашыраңқы склероз: иммунитет дос пен жауды шатастырғанда

Шашыраңқы склероз: иммунитет дос пен жауды шатастырғанда

03.06.2025

Шашыраңқы склероз — орталық жүйке жүйесінің созылмалы ауруы. Бұл дерт кезінде иммундық жүйе өз жүйке талшықтарына,  миелинге шабуыл жасай бастайды. Миелин болмаса, ми мен дене арасындағы сигналдар баяу жүреді, бұрмаланады немесе мүлдем жоғалып кетеді. Нәтижесінде адамда қозғалыс, сезімталдық, көру және тіпті сөйлеу қабілеті бұзылуы мүмкін.

Шашыраңқы склероз қалай байқалады?

 

Шашыраңқы склероз — аурулардың ішіндегі хамелеон сияқты: белгілері әр адамда әртүрлі болады және уақыт өте өзгеруі мүмкін. Кейде бәрі аяқ-қолдың ұюынан басталса, ал енді кейде бірден сөйлеу немесе көру қабілеті бұзылады.

 

Көбінесе кездесетін белгілер мыналар:

• аяқ-қолдың ұйып қалуы немесе шаншу сезімі

• қол мен аяқтың әлсіздігі

• жүрістің теңселіп, тұрақсыз болуы, бас айналу

• қосарланып көру немесе бұлдыр көру

• бұлшықет түйілуі, тартылу

• зәр шығарудағы қиындықтар

• сөйлеу мен қозғалысты үйлестірудің бұзылуы

 

Белгілер ыстықта, күйзеліс кезінде немесе қатты шаршаған кезде күшеюі мүмкін.

Кей адамдарда дерт жоғалып кетсе,ал өзгелерде жылдар өте келе үдей түседі.

 

Шашыраңқы склероз неліктен пайда болады?

 

Бұл сұраққа медицина әлі 100% нақты жауап бере алмайды. Алайда бір жайт анық: шашыраңқы склероз — бұл иммундық жүйенің ішкі “қателігі”. Бейімділігі бар адамдарда иммундық жасушалар ми мен жұлынды қорғайтын табиғи тосқауылды бұзып өтіп, жүйке талшықтарының қорғаныш қабаты — миелинге шабуыл жасайды. Оны жау көріп, өз ағзасына қарсы әрекет етеді.

 

Аурудың дамуына әсер етуі мүмкін факторлар:

• тұқымқуалаушылық

• D дәруменінің жетіспеушілігі

• вирустық инфекциялар (әсіресе Эпштейн-Барр вирусы)

• аутоиммунды аурулар

• шылым шегу

• созылмалы стресс

• ішек микрофлорасының бұзылуы

 

Бұл факторлар аурудың пайда болғанын білдірмейді. Бірақ генетикалық бейімділігі бар адамдарда олар шашыраңқы склероздың дамуына түрткі болуы мүмкін.

 

Диагностика: дәрігерлер шашыраңқы склерозды қалай анықтайды?

 

«Шашыраңқы склероз» диагнозы көзбен қарап қойылмайды — бұл үшін жан-жақты тексерулер қажет.

Ми мен жұлынның МРТ-сі — миелин қабатының зақымданған жерлерін көрсетеді

• Жұлын сұйықтығын (ликворды) алу — қабыну өзгерістерін анықтау үшін

• Неврологиялық тексеріс және сезімталдық, үйлестіру, көру функцияларына арналған тесттер

• Лабораториялық анализдер — басқа ауруларды жоққа шығару мақсатында

 

Диагнозды нақтылау үшін дәрігерлер жүйке жүйесінің түрлі бөліктерінде және әр кезеңде пайда болған бірнеше зақымдану ошағын іздейді.

 

Шашыраңқы склерозбен өмір сүруге бола ма?

 

Бұрын бұл диагноз үрей тудыратын. Ал қазір шашыраңқы склерозбен толыққанды өмір сүруге болады. Ең бастысы — емді дер кезінде бастап, дәрігердің нұсқауларын ұстану керек. Қазіргі дәрілер аурудың белсенділігін бақылауға, кей жағдайда тіпті өршуін болдырмауға мүмкіндік береді.

 

Емдеу не қамтиды:

• аурудың дамуын баяулататын препараттар

• иммуномодуляторлар мен иммуносупрессорлар

• өршулер кезінде қолданылатын терапия (мысалы, гормондар)

• физиотерапия, реабилитация, емдік дене шынықтыру

• симптоматикалық ем (спазм, ауырсыну, шаршау кезінде)

• психотерапия мен эмоционалдық қолдау

 

Яғни, дұрыс тәсілді қолдану арқылы адам белсенді өмір сүре алады.

 

Күнделікті өмірде өзіңізге қалай көмектесе аласыз?

 

Тек дәрі-дәрмекпен шектелуге болмайды. Шашыраңқы склерозбен күресте өмір салты мен күнделікті әдеттер маңызды рөл атқарады.

 

Аурудың үдеуін баяулатуға көмектесетін нәрселер:

• жеңіл және тұрақты дене белсенділігі (жүзу, йога, ЛФК)

• теңгерімді тамақтану және D дәруменінің деңгейін бақылау

• темекі мен алкогольден толық бас тарту

• қатты ыстық пен күйзелістен аулақ болу

• толыққанды ұйқы мен сапалы демалыс

• неврологқа тұрақты түрде қаралу

 

Cеруен, жақсы ұйқы, жақын жандардың қолдауы сияқты қарапайым нәрселер кейде денсаулық үшін өте пайдалы болады.

Есте сақтаңыз: егер аяқ-қолыңыз ұйып, әлсіздік, денеде түсініксіз сезімдер, көру немесе үйлестіру бұзылыстары байқалса — мұны жай шаршау деп қабылдамаңыз.

Мүмкін, бұл — ағзаңыздың маңызды дабылы. Уақытында неврологқа жүгініңіз — ерте әрекет ету арқылы бәрін өзгертуге болады. 


 

Запись на прием в EMIRMED

Запишитесь на прием сегодня, легко, быстро, удобно

Новости и акции

Статья
technologies

Чем опасна паховая грыжа?

10.01.2025

Паховая грыжа — одно из самых распространенных хирургических заболеваний, которое возникает, когда органы брюшной полости выпячиваются через ослабленную часть пахового канала. Это заболевание поражает около 5% взрослого населения, причем мужчины страдают от паховой грыжи в 10 раз чаще, чем женщины. В большинстве случаев оно диагностируется у людей старше 40 лет, однако существует риск развития грыжи и у детей, а также у женщин, например, в период беременности. Несмотря на это, многие люди не обращают внимания на начальные симптомы и откладывают визит к врачу, что может привести к осложнениям.

 

Своевременная диагностика и лечение паховой грыжи необходимы для предотвращения таких осложнений, как ущемление грыжи, некроз тканей и перитонит. В этой статье мы расскажем, что такое паховая грыжа, как ее распознать и какие современные методы лечения помогут вернуть здоровье и качество жизни.


 

slider-arrow
slider-arrow