Вход / Регистрация

Отвечаем 24/7 без выходных

+7 (708) 911-37-90
+7 (708) 911-37-90

Отвечаем 24/7 без выходных

Записаться онлайн

Вход /
Регистрация

Саяхатқа қажетті ең басты дәрі-дәрмектер: жолға нені алған жөн

Саяхатқа қажетті ең басты дәрі-дәрмектер: жолға нені алған жөн

04.06.2025

Демалысқа не іссапарға жиналғанда, біз киім-кешек, қуаттағыш, жүзу киімі мен құжаттарды мұқият дайындаймыз. Ал дәрі қобдишасы көбіне соңғы сәтте немесе дене қызуы көтеріліп, жақын маңдағы дәріхана жабық болғанда ғана еске түседі. Мұндай жағдайға тап болмас үшін, сізге жолға шығатын ересек пен балаға арналған дәрі қобдишасында міндетті түрде болуға тиіс заттардың толық тізімін ұсынамыз.


 

Қол астында әрдайым болуы тиіс негізгі дәрі-дәрмектер

 

1. Ауырсынуды басатын және қызу түсіретін дәрілер
Бас немесе тіс ауруы, сондай-ақ дене қызуы сияқты жағымсыз жағдайлар кенеттен және ескертусіз пайда болады. Мұндайда ең әмбебап көмекшілер — парацетамол мен ибупрофен. Бұл дәрілер ауырсынуды басып қана қоймай, дене қызуын да тиімді төмендетеді.
Кеңес: егер сіз балалармен саяхаттасаңыз, дәріні олардың жасына сай мөлшерде сироп немесе суппозиторий (шам) түрінде алғаныңыз жөн.

 

2. Аллергияға қарсы құралдар

Аллергия — ескертусіз келетін тосын жай.Бұған дейін ешқашан болмаған адамдарда да аллергия кенеттен пайда болуы мүмкін. Гүлдің тозаңы, шаң, ерекше тағамдар немесе жәндіктердің шағуы – бәрі бір сәтте-ақ қышыну, көздің жасаурауы мен мұрынның бітелуіне әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда көмектесетін сенімді серіктер — лоратадин, цетиризин немесе фенистил тәрізді антигистаминдік дәрілер. Олар жол сөмкеңізде міндетті түрде болуы тиіс.

 

3. Ас қорыту жүйесіне арналған дәрілер
Саяхат кезінде күнделікті тамақтану тәртібі өзгереді: бұрын дәмін татпаған тағамдар, ерекше дәмдеуіштер, жол-жөнекей желінген фастфуд немесе су температурасының өзгешелігі — мұның бәрі асқазанға күтпеген салмақ түсіруі мүмкін. Нәтижесінде іш кебу, асқазандағы ауырлық, күйдіргі немесе іш өту сияқты жағымсыз белгілер пайда болады. 

 

Мұндайда төмендегі дәрілер көмектесе алады:

  • Лоперамид — іш өткен жағдайда;
     
  • Ферменттер — артық тамақтану мен асқазан ауырлығы кезінде;
     
  • Антацидтер — қышқылдықтың артуынан туындайтын күйдіргі кезінде;
     
  • Пробиотиктер — ішек микрофлорасының тепе-теңдігін сақтау үшін.
 

4. Антисептиктер мен жараны өңдеуге арналған құралдар
Сызаттар мен жарақаттар — ешкім тілеп алмайтын, бірақ жиі кездесетін жағдай. Мұндайда ең бастысы — жараны дер кезінде дұрыс өңдеу, себебі тазартылмаған жара арқылы инфекция енуі мүмкін. Дәрі қобдишаңызда мынадай құралдар міндетті түрде болуы тиіс:

  • Хлоргексидин, сутек асқын тотығы (перекись водорода)
     
  • Жасыл ерітінді (зеленка), йод қарындашы
     
  • Антибактериалды сулықтар
     
  • Жабысқақ пластырьлер мен бинттер
 

5. Тұмауға қарсы дәрі-дәрмектер

Кондиционер астында ұзақ болу, жаңбыр астында қалу немесе климаттың күрт өзгеруі ағзаның суық тиюіне әкеліп соғуы мүмкін. Осындай жағдайларда денсаулықты сақтап қалу үшін мына дәрілерді алуды ұмытпаңыз:

  • Мұрынға арналған тамыр тарылтатын тамшылар
     
  • Тамаққа арналған пастилкалар немесе таблеткалар
     
  • Жөтелге қарсы сироптар
     
  • Вирусқа қарсы дәрілер 
 

6. Репелленттер мен шағуларға қарсы құралдар
Масалар, шіркей мен кенелер  — жылы климатты аймақтарда және далада жиі кездесетін жағымсыз тіршілік иелері. Репелленттер (спрейлер, білезіктер, кремдер) шағудан тиімді қорғайды. Ал егер қорғаныс жеткіліксіз болса, антигистаминдік немесе салқындататын әсері бар гельдер шағу салдарынан туындайтын қышыну мен ыңғайсыздықты басуға көмектеседі.

 

7. Құсуға қарсы дәрілер

Теңіз серуенін немесе таулы жолмен автобуспен экскурсияны жоспарлап отырсыз ба? Ондай жағдайда дименгидринат сияқты құсуға қарсы дәрілер, ментол қосылған леденецтер, арнайы білезіктер – жүрек айнуы мен бас айналудан сақтайды.

 

Дәрі қобдишаңызда тағы не болуы керек

  • Жарақаттар, кесілген жерлер мен күп болып кеткен теріге арналған бинттер, пластырьлер және стерильді сүрткіштер.
     
  • Электронды немесе инфрақызыл термометр. Қолданар алдында батареяның қуатын тексеріңіз.
     
  • Көзге шаң немесе құм түскен жағдайда пайдаланатын стерильді көз тамшылары.
     
  • Контейнер мен линзаға арналған ерітінді — егер линза қолдансаңыз.
     
  • Қолға арналған антисептиктер, дымқыл майлықтар және жеке гигиеналық құралдар.
 

Балаларға арналған дәрі қобдишасы: қамқорлықпен және алдын ала дайындықпен

 

Балаларда бәрі лезде болады: қуаныш та, сырқат та. Сондықтан балаға арналған дәрі қобдишасын ерекше мұқият дайындаған жөн:

  • Қызу түсіретін және ауырсынуды басатын дәрілер: сироптар немесе шамдар;
     
  • Аллергияға қарсы құралдар: тамшылар, сироп;
     
  • Іш өту мен құсуға қарсы дәрілер;
     
  • Пробиотиктер;
     
  • Мұрынға тамызатын тамшылар (тұмау кезінде және ұшақта ұшу жеңіл болу үшін);
     
  • Балаларға арналған репеллент және жәндік шаққаннан кейін қолданатын гель;
     
  • SPF 50+ кремі және күнге күйген теріге арналған құрал;
     
  • Бала үнемі ішетін жеке дәрі-дәрмектері (және міндетті түрде жеткілікті қорымен).

 

Маңыздысы: бәрі балаларға арналған мөлшерде және ыңғайлы формада болуы керек.

Балаға арналған дәрі-дәрмектерді жеке косметичкаға салып қойған дұрыс - себебі қажет кезде үлкендердің дәрілерінің арасынан іздеп жүрмейсіз.

 

Дәрі қобдишасын жинауға арналған пайдалы кеңестер

 
  • Жарамдылық мерзімін тексеріңіз — тіпті "сақтық үшін" болса да, мерзімі өткен дәрілерді алмаңыз.
     
  • Сапарға шығар алдында дәрігермен кеңесіңіз, әсіресе басқа елге немесе тауға барсаңыз.
     
  • Рецепттер мен медициналық құжаттарды алыңыз, әсіресе рецепт бойынша берілетін дәрілерге — кеденде қажет болуы мүмкін.
     
  • Дәрілерді нұсқаулығы бар түпнұсқа қаптамада сақтаңыз.
     
  • Дәрі қобдишасын бөліңіз: күнделікті қолданатын дәрілер, шұғыл жағдайға арналғандар және алғашқы көмек құралдары.
     
  • Көлем мен салмақты барынша азайтыңыз, бірақ қажетті заттар есебінен емес.
     
  • Маусым мен бағытты ескере отырып, әр сапар алдында дәрі қобдишасын жаңартыңыз,
 

Дәрі қобдишасы — жай ғана "сақтық үшін" емес

 

Бұл — жолдағы қорғанысыңыз, ішкі тыныштығыңыз және кез келген күтпеген жағдайға дайын екеніңізді білдіреді. Әсіресе балалармен, егде жастағы туыстармен немесе шалғай жерлерге барғанда дәрі қобдишасын ұмытпау аса маңызды — ол жақта дәріхана болмауы мүмкін.

 

Сондықтан чемоданмен бірге дәрі қобдишасын да жинаңыз, сосын жолға шықсаңыз болады: қала сыртына ма, әлде әлемнің түкпіріне ме — бәрібір. Ең бастысы — денсаулықты сақтаңыз!


 

Запись на прием в EMIRMED

Запишитесь на прием сегодня, легко, быстро, удобно

Новости и акции

Статья
technologies

Чем опасна паховая грыжа?

10.01.2025

Паховая грыжа — одно из самых распространенных хирургических заболеваний, которое возникает, когда органы брюшной полости выпячиваются через ослабленную часть пахового канала. Это заболевание поражает около 5% взрослого населения, причем мужчины страдают от паховой грыжи в 10 раз чаще, чем женщины. В большинстве случаев оно диагностируется у людей старше 40 лет, однако существует риск развития грыжи и у детей, а также у женщин, например, в период беременности. Несмотря на это, многие люди не обращают внимания на начальные симптомы и откладывают визит к врачу, что может привести к осложнениям.

 

Своевременная диагностика и лечение паховой грыжи необходимы для предотвращения таких осложнений, как ущемление грыжи, некроз тканей и перитонит. В этой статье мы расскажем, что такое паховая грыжа, как ее распознать и какие современные методы лечения помогут вернуть здоровье и качество жизни.


 

slider-arrow
slider-arrow