Вход / Регистрация

Отвечаем 24/7 без выходных

+7 (708) 911-37-90
+7 (708) 911-37-90

Отвечаем 24/7 без выходных

Записаться онлайн

Вход /
Регистрация

Онкомаркерлер: бұл не және талдау тапсыру қажет пе?

Онкомаркерлер: бұл не және талдау тапсыру қажет пе?

22.05.2025

Обыр кенеттен басталмайды — ол біртіндеп дамиды.Сондықтан оны ерте кезеңде анықтау — сәтті емделудің басты кепілі. Бірақ ауру белгілерсіз жүрген кезде оны қалай «ұстап» қалуға болады? Сол тәсілдердің бірі — онкомаркерлерге талдау тапсыру.


 

Бұл — «сізде қатерлі ісік бар» деп нақты көрсететін сиқырлы тест емес. Алайда ол сіздің ағзаңызда бірнәрсе дұрыс емес екенін алғашқылардың бірі болып ескертуі мүмкін. Бұл талдау тереңірек тексеруден өтуге, өмір салтыңызды қайта қарауға немесе жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін бақылауға себеп бола алады.

 

Бұл мақалада онкомаркерлер туралы толығырақ баяндаймыз: бұл не, қашан және не үшін талдау тапсыру керек, нәтижелерді қалай түсіну қажет және неліктен кейде жоғары көрсеткіштерден қорқудың қажеті жоқ.

 

Онкомаркерлер дегеніміз не және олар не үшін қажет?

 

Онкомаркерлер — бұл ісік жасушалары немесе ағзаның тіндері қатерлі немесе қабыну процесіне жауап ретінде бөліп шығаратын ерекше ақуыздар (антигендер). Олардың аз мөлшері кез келген адамның ағзасында табиғи түрде кездеседі. Алайда ісік дамыған жағдайда бұл көрсеткіштер айтарлықтай жоғарылауы мүмкін.

 

Онкомаркерлерге талдаудың негізгі мақсаты — обыр диагнозын нақтылау емес, дәрігерге келесі жағдайларда көмек беру: ауруды ерте сатыда анықтау, ісіктің даму барысын бақылау, тағайындалған емнің тиімділігін бағалау, аурудың қайталануын уақтылы анықтау.  Онкомаркерлерге талдау — қосымша диагностикалық әдіс. Ол ешқашан жеке өзімен диагноз қою үшін қолданылмайды. Нәтижелер әрқашан басқа клиникалық және зертханалық мәліметтермен бірге қарастырылуы тиіс.

 

Онкомаркерлерге талдау қашан тапсырылады:

  • Басқа зерттеулер нәтижесі бойынша ісікке күдік болған жағдайда
     
  • Қатерлі ісікке бейімділік бар кезде
     
  • 30–40 жастан кейінгі тұрақты скрининг аясында (әсіресе қауіп факторлары болса)
     
  • Жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін бағалау үшін
     
  • Ем аяқталғаннан кейін бақылау жүргізу және қайталануын анықтау мақсатында
 

Онкомаркерлер қай жерлерден анықталуы мүмкін:

• Қанда (ең жиі қолданылатын әдіс)

• Зәрде

• Ісік тіндерінде

• Басқа биологиялық сұйықтықтарда (мысалы, жұлын сұйықтығында)

 

Анализге қалай дайындалу керек:

 

Нәтиже дәл әрі сенімді болуы үшін келесі талаптарды сақтау маңызды:

• Қан тек ашқарынға тапсырылады — кемінде 8–12 сағат тамақ ішпеу қажет

• Таза су ішуге болады, бірақ анализдің алдында кемінде бір тәулік бойы алкоголь мен темекіден бас тарту керек

• Бір күн бұрын ауыр физикалық жүктемелерді шектеу қажет

• Дәрігерге қолданылатын дәрілер, медициналық процедуралар, етеккір циклі және нәтижеге әсер етуі мүмкін басқа факторлар туралы ескертіңіз

• Кейбір онкомаркерлерді белгілі бір процедураларға дейін (мысалы, қуықасты безіне массаж жасамас бұрын) немесе кейін (7–14 күн аралығында) тапсыру қажет.


Кең таралған онкомаркерлер және олардың мағынасы

 

ПСА (PSA — простата-спецификалық антиген)

Қуықасты безі (простатаның) ісіктерінің маркері

• Норма: 0–4 нг/мл

• 4–10 нг/мл: шекті мән, қосымша тексеруді қажет етеді

• >10 нг/мл: қатерлі ісіктің даму қаупі жоғары

 

Маңызды:

ПСА деңгейі тек обыр кезінде ғана емес, аденома, простатит, жыныстық қатынас, физикалық жүктеме, УДЗ, биопсия немесе қуықасты безінің массажынан кейін де жоғарылауы мүмкін. 

 

РЭА (рак-эмбриональды антиген)

Бұл маркер қатаң бір ауруға тән емес, яғни түрлі ісік түрлерінде жоғарылауы мүмкін.

Көбінесе мына жағдайларда анықталады:

• ішек, асқазан, өкпе, ұйқы безі, қалқанша безі, сүт безі, аналық без ісіктерінде.

• Норма: 0–5 нг/мл

• 5–8 нг/мл: шекті деңгей, қосымша бақылау қажет

• >8 нг/мл: қатерлі үдерістің даму мүмкіндігі бар

 

СА-125

Аналық без обырының негізгі маркері.

• Норма: 0–30/35 Ед/мл

• 30–40 Ед/мл: назар аударуды қажет етеді

• >40 Ед/мл: қатерлі үдерістің болуы мүмкін

 

Бұл маркер сондай-ақ эндометриоз, аналық без кистасы, ішперде, өкпеқап немесе үлпершек қабынуы, жүктілік, етеккірдің алғашқы күндері сияқты жағдайларда да жоғарылауы мүмкін.

СА-125 емнің тиімділігін бақылау мен қайталану қаупін бағалау үшін жиі қолданылады.

 

СА-15-3

Көбінесе сүт безі обыры кезінде емнің динамикасын бақылау үшін қолданылады.

• Норма: 0–25/38 Ед/мл

• Көтерілуі мүмкін:

• сүт безі обыры

• өкпе, аналық без, бауыр, асқазан-ішек жолы ісіктері

• сондай-ақ жүктілік кезінде немесе сүт безіндегі қатерсіз өзгерістерде

 

СА-15-3 әсіресе операциядан кейінгі бақылау мен метастаздарға күдік туған жағдайда тиімді құрал болып саналады.

 

СА-19-9

Ұйқы безі обырының маркері, сондай-ақ мынадай ісіктерде де жоғарылауы мүмкін:

— өт қабы, асқазан, ішек және бауыр обыры.

• Норма: 0–30 Ед/мл

• 30–40 Ед/мл: шекті аймақ, қосымша зерттеуді қажет етеді

• >40 Ед/мл: онкологиялық үдеріс мүмкін

 

Маңызды:

СА-19-9 деңгейі кей жағдайларда қатерсіз ауруларда да көтерілуі мүмкін, мысалы:

— холецистит, бауыр циррозы, гепатит.

 

Нені білу маңызды?

 

Онкомаркерлердің жоғары көрсеткіштері — бұл үкім емес.

Олардың деңгейі мына жағдайларда да артуы мүмкін:

— қабыну аурулары

— жұқпалар

— қатерсіз ісіктер

— физиологиялық жағдайлар (жүктілік, етеккір)

— күшті стресс

 

Онкомаркерлердің төмен деңгейі де ісіктің жоқ екенін нақты білдірмейді, әсіресе бастапқы кезеңде. Кейбір обыр түрлері мүлде маркерлердің жоғарылауын тудырмайды.

Сондықтан онкомаркерлерге талдау — жеке диагноз емес, кешенді тексерудің бір бөлігі.

 

Неліктен онкомаркерлерге талдауды «ЭМИРМЕД» емханаларында тапсыру қажет?

 

• Заманауи зертханалық жабдықтар

• Талдаулардың жоғары дәлдігі

• Білікті мамандар мен дәрігерлік бақылау

• Нәтижелердің жедел дайын болуы

• Нәтиже бойынша дәрігерден жеке кеңес алу мүмкіндігі

 

Онкомаркерлерге талдау — бұл денсаулық жайлы көбірек білуге және алғашқы ауытқулар кезінде уақытылы әрекет етуге көмектесетін маңызды қадам. Бұл өз бетінше диагноз қою емес, дәрігер қолындағы сенімді құрал.

 

Ең бастысы — денсаулығыңызды кейінге қалдырмау. 

Профилактика — өзіңізге мұқият қараудан басталады.

Қажет болса, сізге ыңғайлы уақытта кеңес пен талдауға жазыла аласыз.


 

Запись на прием в EMIRMED

Запишитесь на прием сегодня, легко, быстро, удобно

Новости и акции

Статья
technologies

Чем опасна паховая грыжа?

10.01.2025

Паховая грыжа — одно из самых распространенных хирургических заболеваний, которое возникает, когда органы брюшной полости выпячиваются через ослабленную часть пахового канала. Это заболевание поражает около 5% взрослого населения, причем мужчины страдают от паховой грыжи в 10 раз чаще, чем женщины. В большинстве случаев оно диагностируется у людей старше 40 лет, однако существует риск развития грыжи и у детей, а также у женщин, например, в период беременности. Несмотря на это, многие люди не обращают внимания на начальные симптомы и откладывают визит к врачу, что может привести к осложнениям.

 

Своевременная диагностика и лечение паховой грыжи необходимы для предотвращения таких осложнений, как ущемление грыжи, некроз тканей и перитонит. В этой статье мы расскажем, что такое паховая грыжа, как ее распознать и какие современные методы лечения помогут вернуть здоровье и качество жизни.


 

slider-arrow
slider-arrow