Вход / Регистрация

Отвечаем 24/7 без выходных

+7 (708) 911-37-90
+7 (708) 911-37-90

Отвечаем 24/7 без выходных

Записаться онлайн

Вход /
Регистрация

Бала ағзасының сусыздануы: маңызды сәтті өткізіп алмаңыз

Бала ағзасының сусыздануы: маңызды сәтті өткізіп алмаңыз

05.06.2025

Жаз келді. Күн шуағын молынан төгіп, нағыз ыстық мезгіл басталды. Мұндай уақытта ағзадағы су теңгерімін сақтау өте маңызды. Бұл, әсіресе, балалар үшін өзекті, себебі олар сусыздануға ең бейім топтардың бірі болып табылады.

Балалардың ағзасы тез сусызданады: олар жүгіріп, ойнап, терлейді. Мұның бәрі сұйықтықтың белсенді жоғалуына әкеледі. Сонымен қатар, балалар шөлдегенін толық сезіне алмайды және су ішкісі келетінін уақытылы айтпайды. Ал күн өтудің және сусызданудың белгілері жазғы ыстықта өте жылдам дамуы мүмкін.

 

Ыстық тек жалпы жағдайға ғана емес, бүкіл ағзаның жұмысына әсер етеді:
– терморегуляция бұзылады,
– жүрекке түсетін жүктеме артады,
– зейін қою қабілеті мен көңіл-күй төмендейді.

 

Сондықтан жаз мезгілінде су теңгерімін сақтау — жай ғана кеңес емес, балалар үшін аса маңызды қажеттілік.

 

Сусыздану деген не?

 

Сусыздану — бұл ағзаның шамадан тыс мөлшерде сұйықтық пен электролиттерді (натрий, калий, хлор және т.б.) жоғалтуы. Балалар үшін бұл жағдай ерекше қауіпті: неғұрлым жас болса, асқынулар соғұрлым тез дамиды.

 

Сусыздану — жеке ауру емес, ол көбінесе басқа жағдайлардың белгісі немесе асқынуы болып табылады. Ең жиі себептері — жедел диарея, құсу, дене қызуының жоғарылауы немесе инфекциялық аурулар.

 

Неліктен балалардың ағзасы сусыздануға келгенде осал болады?

 

Бүлдіршіндердің ағзасы ересектерге қарағанда әлдеқайда нәзік әрі сезімтал. Әсіресе ыстық күндері оларда су теңгерімінің бұзылуы өте жылдам жүреді. Бұл олардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты:

  • Зат алмасудың жылдамдығы жоғары — ағзаға ересектерге қарағанда көбірек сұйықтық қажет.
     
  • Дене көлеміне қатысты тері беті үлкен — тері арқылы сұйықтық жоғалтуы көбірек болады.
     
  • Шөлдегенін айту немесе өз бетінше су ішу қабілеті шектеулі.
     
  • Қызу көтерілуі, құсу немесе іш өту кезінде ағза сұйықтықты өте жылдам жоғалтады.
     

Балалардағы сусызданудың себептері

 

Сусызданудың негізгі екі себебі бар:


1. Сұйықтықтың шамадан тыс жоғалуы
    Сұйықтықтың жеткіліксіз түсуі

    Сұйықтықтың жоғалуы

  • Асқорыту жолдарының бұзылыстары: гастроэнтерит, құсу, іш өту — сұйықтық пен электролиттер ағзадан қарқынды шығады.
  • Бүйрек арқылы жоғалту: мысалы, диабеттік кетоацидоз кезінде.
  • Тері арқылы: қатты терлеу немесе күйіктер
  • "Үшінші кеңістікке" таралу: ішек өтімсіздігі кезінде сұйықтық ішек қуысына жиналып, ағзада тапшылық туындайды.
     

2. Сұйықтықтың жеткіліксіз түсуі

  • Инфекциялық аурулар кезінде: мысалы, тамақ ауруы (ангина), құлақ қабынуы (отит) — жұту қиындап, бала су ішуден бас тартуы мүмкін.
     
  • Қызу немесе дене температурасының көтерілуі: ағзада сұйықтық қажеттілігі артады, ал ішу азаяды.
     
  • Құсу кезінде: бала суды іше алмайды немесе ішкенімен, қайта құсып қояды.
     
  • Күтімнің жеткіліксіздігі: балаға жеткілікті су берілмеуі немесе алғашқы белгілерге дер кезінде көңіл бөлінбеуі де себеп болады.
     

Бұл қалай жұмыс істейді?

 

Судың жоғалуы көбінесе электролиттердің де жоғалуымен қатар жүреді. Бұл жағдай ағзадағы су-тұз тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді:

  • Іш өту кезінде бикарбонаттар жоғалады → нәтижесінде метаболикалық ацидоз дамиды.
     
  • Құсу кезінде сутегі иондары жоғалады → бұл метаболикалық алкалозға әкеледі.
     
  • Жоғалған сұйықтықтағы натрий мөлшері қандағыдан төмен болады. Сондықтан ұзаққа созылған сусыздану кезінде гипернатриемия (қандағы натрий деңгейінің жоғарылауы) дамуы мүмкін.
     

Бұл жасушалар мен қан арасындағы сұйықтықтың қауіпті ығысуына себеп болады — ісінулерден бастап артериялық қысымның төмендеуіне дейінгі әртүрлі салдарларға әкелуі ықтимал.

 

Балалардағы сусызданудың белгілері

 

Клиникалық көріністер жағдайдың ауырлығына және қандағы натрий деңгейіне байланысты әртүрлі болады.

 

Негізгі белгілер:

  • Шөлдеу (егер бала оны айта алатын жаста болса)
     
  • Ауыз қуысының және еріннің құрғауы
     
  • Әлсіздік, ұйқышылдық
     
  • Зәр шығару жиілігінің төмендеуі немесе мүлде болмауы
     
  • Шөгіп кеткен еңбектің (родничок) байқалуы (нәрестелерде)
     
  • Жылау кезінде жас болмауы
     
  • Қол-аяқтың салқындауы
     
  • Терінің серпімділігінің төмендеуі (тері тургорының азаюы)
     
  • Жүректің жиі соғуы (тахикардия)
     
  • Ауыр жағдайларда — артериялық қысымның төмендеуі және гиповолемиялық шок
     

Маңызды:

  • Гипернатриемия кезінде сусыздану белгілері сырттай айқын көрінеді, бірақ қан айналым жүйесі (пульс, қан қысымы) бастапқыда салыстырмалы түрде тұрақты болуы мүмкін.
     
  • Ал гипонатриемия кезінде — бала сырттай әлсіз көрінбеуі мүмкін, бірақ ішкі жағдайы өте ауыр болады.
 

Сусыздану дәрежелері

Дәрежесі

Дене салмағының жоғалуы

Негізгі белгілері

Жеңіл

~5% (нәрестелерде)

Шөлдеу сезімі, шырышты қабаттардың аздап құрғауы

Орташа

~10%

Тахикардия, зәр шығарудың азаюы

Ауыр

>15%

Гипотония, шок, есінен тану


Диагностика

 

Диагноз қою негізі — клиникалық тексеру және анамнез жинау.

 

Бағалау әдістері:

  • Денe салмағын ауруға дейін және одан кейін салыстыру (егер «сау» салмақ белгілі болса, сенімді әдіс).
     
  • Белгілерді кешенді бағалау (бір ғана симптомға қарағанда тиімдірек).
     

Орташа және ауыр сусыздану кезінде зертханалық талдаулар:

  • Қандағы натрий, калий, бикарбонат деңгейлері
     
  • Қандағы мочевина азоты (АМК)
     
  • Зәрдің тығыздығы
     
  • Жалпы қан анализі (салыстырмалы полицитемияны анықтауға мүмкіндік береді)
 

Балалардағы сусыздануды емдеу

 

Негізгі мақсат — ағзадағы сұйықтық пен электролиттер көлемін қалпына келтіру.

 

1. Жеңіл және орташа дәрежедегі сусыздану

  • Ауыз арқылы регидратация (АРТ) — ең қолайлы және тиімді әдіс.
     
  • Глюкоза мен электролиттерден тұратын арнайы ерітінділер қолданылады (мысалы, «Регидрон», ORS).
     
  • Су мен ерітінді кішкене порцияларда әр 5–10 минут сайын беріледі (құсу кезінде бұл әсіресе маңызды).
     

2. Ауыр дәрежедегі сусыздану

  • Инфузиялық терапия қажет (тамыр ішіне енгізу):
     
  • 0,9% NaCl немесе Рингер ерітіндісі қолданылады.
     
  • Бастапқы доза — болюс түрінде 20 мл/кг 20–30 минут ішінде беріледі.
     
  • Кейінгі дозалар клиникалық жағдайға, дене салмағына және зертханалық көрсеткіштерге сәйкес түзетіледі.
     
  • Қажет болған жағдайда сұйықтықты назогастральды зонд арқылы енгізуге болады.
 

Қалпына келу және бақылау

 

Жағдай тұрақтанғаннан кейін терапия жалғасады:

  • Сұйықтық тапшылығын толықтыру
     
  • Диарея немесе құсу кезінде жалғасып жатқан жоғалтуларды ескеру
     
  • Тамақтануды біртіндеп қалпына келтіру
     
 

Бақылау келесі көрсеткіштерді қамтиды:

  • Зәр шығару жиілігін қадағалау
     
  • Бала салмағын бақылау
     
  • Жалпы жағдайы мен мінез-құлқының өзгерісі
     
  • Қажет болса — қандағы электролиттер деңгейі
     
 

Баланы сусызданудан қалай қорғауға болады?

 
  • Диарея немесе құсу белгілері басталысымен регидратацияны дереу бастау — «өзі өтеді» деп күтпеу
     
  • Емізуді тоқтатпау — бала ауырса да, ана сүті өте маңызды
     
  • Таза су немесе тәтті сусындар емес, электролиттік ерітінділерді қолдану
     
  • Ауа температурасына мән беру, бала денесін қызып кетуден сақтау
     
  • Уақтылы дәрігерге жүгіну, егер:
     
    • Бала 6 сағаттан астам уақыт зәр шығармаған болса
       
    • Ұйқышылдық, тырысулар байқалса
       
    • Бала су ішуден бас тартса немесе іше алмай жатса
       
    • Температура 38,5°C-тан жоғары болып, түспесе
       

Есте сақтаңыз:

Сусыздану — бұл жай ғана "бала жылады, демек шөлдеді" деген ұғым емес. Бұл —  өмірге қауіп төндіруі мүмкін ауыр жағдай.

Бірақ дер кезінде анықталып, дұрыс регидратация жасалып, бала мұқият бақыланса — сусызданудың салдары толығымен жойылады.

Бастысы — күтіп отырмай, нақты әрекет ету!


 

Запись на прием в EMIRMED

Запишитесь на прием сегодня, легко, быстро, удобно

Новости и акции

Статья
technologies

Чем опасна паховая грыжа?

10.01.2025

Паховая грыжа — одно из самых распространенных хирургических заболеваний, которое возникает, когда органы брюшной полости выпячиваются через ослабленную часть пахового канала. Это заболевание поражает около 5% взрослого населения, причем мужчины страдают от паховой грыжи в 10 раз чаще, чем женщины. В большинстве случаев оно диагностируется у людей старше 40 лет, однако существует риск развития грыжи и у детей, а также у женщин, например, в период беременности. Несмотря на это, многие люди не обращают внимания на начальные симптомы и откладывают визит к врачу, что может привести к осложнениям.

 

Своевременная диагностика и лечение паховой грыжи необходимы для предотвращения таких осложнений, как ущемление грыжи, некроз тканей и перитонит. В этой статье мы расскажем, что такое паховая грыжа, как ее распознать и какие современные методы лечения помогут вернуть здоровье и качество жизни.


 

slider-arrow
slider-arrow