Вход / Регистрация

Отвечаем 24/7 без выходных

+7 (708) 911-37-90
+7 (708) 911-37-90

Отвечаем 24/7 без выходных

Записаться онлайн

Вход /
Регистрация

Аллергиялық конъюнктивит дегеніміз не?

Аллергиялық конъюнктивит дегеніміз не?

16.06.2025

Таңертең көзіңіз қызарып, қышып, ішіне құм түскендей жайсыздықты сезінген кезіңіз болды ма? Мұндай жағдай тек ұйқының қанбауынан емес, аллергиялық конъюнктивиттің белгісі болуы мүмкін. Атауы сәл үрейлі естілгенімен, уайымдаудың еш қажеті жоқ: егер дер кезінде дәрігерге қаралса, бұл дерт қауіп төндірмейді.


 

Қарапайым тілмен айтатын болсақ.

 

Аллергиялық конъюнктивит — көздің конъюнктивасының (көздің және қабақтың ішкі бетін жапқан жұқа мөлдір қабық) аллергиялық реакциядан туындаған қабынуы.

Қарапайым тілмен айтқанда, көз аллергенмен байланыста болғанда “қарсылық” білдіре бастайды — аллерген дегеніміз иммундық жүйеңізде жоғары сезімталдық тудыратын зат.

 

Әдетте денеңізді аурудан қорғайтын иммунитет, кенеттен қарапайым тозаң, үй шаңы немесе мысықтың жүніне қарсы тұру керек деп санап, көзде “жауынгерлік операцияны” іске қосады.

 

Кім емдейді?

 

Егер сіз аллергиялық конъюнктивиттің белгілерін байқасаңыз, алдымен аллергологқа жүгінген жөн. Бұл маман аллергиялық реакциялардың табиғатын терең зерттеп, дәл сізге қолайлы емдеу тактикасын ұсына алады. Қажет болған жағдайда, көз құрылымын жан-жақты бағалау үшін офтальмологтың кеңесі де тағайындалады.

 

Кім жиі ауырады және қаншалықты кең таралған?

 

Аллергиялық конъюнктивит — кең таралған жағдай. Әлем халқының шамамен 15%-ы осы дерттен зардап шегеді. Ауру, әдетте, 10 мен 40 жас аралығындағы адамдарда жиі кездеседі. Ал үш жасқа дейінгі балаларда ол өте сирек байқалады, себебі олардың иммундық жүйесі әлі толық қалыптасып үлгермеген және сыртқы тітіркендіргіштерге аса белсенді жауап бермейді.

 

Аллергиялық конъюнктивиттің қандай түрлері болады?

 
  • Маусымдық конъюнктивит — ең жиі кездесетін түрі. Барлық жағдайлардың шамамен 95%-ын құрайды. Әдетте өсімдіктер гүлдеп, ауа тозаңға толатын көктем мен жаз мезгілдерінде пайда болады. Тозаң — жиі кездесетін аллергендердің бірі, ол көздің шырышты қабығында аллергиялық реакция туғызады.
  • Жыл бойы болатын (тұрақты) конъюнктивит — сирек кездесетін түрі, шамамен 5% жағдайға тән. Бұл түрі жыл мезгіліне қарамастан мазалайды. Көбінесе үй шаңына, үй жануарларының жүніне немесе зең саңырауқұлақтарына аллергия болғанда дамиды.
 

Аллергиялық конъюнктивиттің белгілері қандай?

 

  • Көздің қызаруы — көзге біреу қызыл бояу құйып жібергендей әсер қалдырады;
     
  • Көздің және қабақтың ісінуі — ұйқы қанбағаннан кейінгі ісінуге ұқсайды;
     
  • Қышыну — ең «мазасыз» белгі. Көзді қасығыңыз келеді, бірақ бұл — тыйым салынған әрекет;
     
  • Көзден жас тоқтамай ағады (бір қайғылы фильм көріп отырғандай);
     
  • Конъюнктивада ұсақ көпіршіктер немесе бүртіктердің пайда болуы — көзге мүлдем қажетсіз «әшекей»;
     
  • Жарықтан тітіркену (фотофобия) — жарыққа қарау қиын, көз еріксіз жұмыла береді;
     
  • Блефароспазм — көздің еріксіз, қайталама түрде тырысып, қатты жұмылуы.
 

Егер белгілерге уақытылы назар аудармаса, қабыну мүйізгекке (роговицаға) өтіп, көру қабілетіне елеулі қауіп төндіруі мүмкін. Ал бұл кератит пен жаралардың (язвалардың) пайда болуына әкеледі. Сондықтан бұған жеңіл-желпі қарауға болмайды!

 

Аллергиялық конъюнктивиттің себебі неде?

 

Негізгі себебі — барлық жерде кездесетін аллергендер:

 
  • Өсімдіктердің тозаңы (көбінесе жабайы шөптерден, бақша гүлдерінен емес);
     
  • Зең саңырауқұлақтары;
     
  • Үй шаңы мен ондағы кенелер;
     
  • Үй жануарларының (мысықтар мен иттердің) жүні мен тері бөлшектері;
     
  • Контакт линзалары және оларды күтуге арналған құралдар.
     

Әр адамның иммундық жүйесі түрлі заттарға әртүрлі әсер етеді. Ал аллергия кезінде бұл жүйе күшті қабыну процесін іске қосып, соның салдарынан көзде қышу, қызару және ісіну сияқты белгілер пайда болады.

 

Қауіп тобына кімдер жатады?

 

Аллергиялық конъюнктивитке шалдығу қаупін арттыратын факторлар:

 
  • Тұқымқуалаушылық — егер отбасыңызда аллергияға бейім жандар болса, көзіңізге ерекше күтім қажет;
     
  • Антибиотиктерді жиі қолдану — олар иммундық жүйенің табиғи тепе-теңдігін бұзуы мүмкін;
     
  • Экология — ауасы ластанған, өндірістік қалдықтар көп қалаларда тұру;
     
  • Шылым шегу — оның ішінде пассивті түрде темекі түтінін жұту да зиянды әсер етеді.
     

Маусымдық факторлар симптомдарға қалай әсер етеді?

 

Маусымдық конъюнктивит, әдетте, үш негізгі кезеңде күшейеді:

 
  • Көктемде — қайың, қандыағаш (ольха) және теректің гүлдеу кезеңінде;
     
  • Жазда — шабындық, мысалы,атқонақ пен қоңырбас (мятлик) гүлдеген кезде;
     
  • Жаздың соңында — жусан, ойраншөп және қалақайдың гүлдеу уақыты.
     

Аллергиялық конъюнктивитті басқа аурулармен шатастырып алмау үшін не істеу керек?

 

Аллергиялық конъюнктивит жиі аллергиялық ринитпен қатар жүреді — бұл мұрынның бітуі, қышу және жиі түшкіру белгілерімен байқалады. Симптомдар пайда болған жағдайда, ең дұрысы — дереу маманға қаралу. Бұл көздің бактериалды немесе вирустық инфекциясын дер кезінде анықтап, сәйкес ем қабылдау үшін қажет.

 

Аллергиялық конъюнктивитке күдік туған жағдайда не істеу керек?

 
  • Көзді уқаламаңыз (ия, бұның қаншалықты қиын екенін білемін!);
     
  • Аллергендермен байланыстан мүмкіндігінше аулақ болыңыз — тозаң таралатын кезеңде терезені жауып, үйді жиі тазалаңыз;
     
  • Дәрігер тағайындаған арнайы көз тамшыларын қолданыңыз;
     
  • Қажет болған жағдайда антигистаминдік препараттар қабылдаңыз.
     

Көз саулығын кейінге қалдырмаңыз — кәсіби мамандарға сенім артыңыз!

 

Егер сізде аллергиялық конъюнктивиттің алғашқы белгілері, яғни  көздің қызаруы, қышуы мен жас ағуы байқалса, өзіңізді қинап, уақыт жоғалтпаңыз.
ЭМИРМЕД көпсалалы емханалар желісінде тәжірибелі аллергологтар мен офтальмологтар жұмыс істейді. Олар диагнозды дәл әрі жылдам қояды, тиімді ем тағайындайды және көздеріңізге жайлылық пен саулықты қайтарады.

 

Кеңес алу үшін  дәл қазір жазылыңыз! 

 

Айқын көзқарас пен көру саулығы — өмір сапасының маңызды бөлігі.


 

Запись на прием в EMIRMED

Запишитесь на прием сегодня, легко, быстро, удобно

Новости и акции

Статья
technologies

Чем опасна паховая грыжа?

10.01.2025

Паховая грыжа — одно из самых распространенных хирургических заболеваний, которое возникает, когда органы брюшной полости выпячиваются через ослабленную часть пахового канала. Это заболевание поражает около 5% взрослого населения, причем мужчины страдают от паховой грыжи в 10 раз чаще, чем женщины. В большинстве случаев оно диагностируется у людей старше 40 лет, однако существует риск развития грыжи и у детей, а также у женщин, например, в период беременности. Несмотря на это, многие люди не обращают внимания на начальные симптомы и откладывают визит к врачу, что может привести к осложнениям.

 

Своевременная диагностика и лечение паховой грыжи необходимы для предотвращения таких осложнений, как ущемление грыжи, некроз тканей и перитонит. В этой статье мы расскажем, что такое паховая грыжа, как ее распознать и какие современные методы лечения помогут вернуть здоровье и качество жизни.


 

slider-arrow
slider-arrow