Вход / Регистрация

Отвечаем 24/7 без выходных

+7 (707) 000-01-03
+7 (707) 000-01-03

Отвечаем 24/7 без выходных

Записаться онлайн

Вход /
Регистрация

Қант диабеті: қауіпті аймаққа түспеу үшін не істеу керек?

Қант диабеті: қауіпті аймаққа түспеу үшін не істеу керек?

06.05.2025

Қант диабеті - қандағы глюкоза деңгейінің созылмалы жоғарылауымен сипатталатын аурулар тобы. Қалыпты жағдайда қан құрамындағы қант деңгейі ұйқы безі шығаратын инсулин гормонымен реттеледі. Бірақ кей жағдайда, мысалы, I және II типті диабет кезінде жасушалардың инсулинге сезімталдығы төмендеуі мүмкін.


 

Қант диабеті эндокриндік жүйедегі ең көп таралған ауруларының бірі  және дертке шалдыққан адамдардың саны күн санап артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша, әлемде 500 миллионға жуық адам бұл аурудан зардап шегуде. Қандағы глюкозаны бақылау, дұрыс тамақтану және емдеу режимін сақтау арқылы пациенттер өмір сүру сапасын жақсара алады.

 

Қант диабетінің қандай түрлері бар?

 

Жоғарыда айтылғандай, қант диабетінің екі түрі бар:

 
  • I типті қант диабеті, сондай-ақ инсулинге тәуелді қант диабеті ретінде белгілі. Негізінен балалар мен жасөспірімдерде байқалады. Бұл аутоиммунды процесс нәтижесінде пайда болады. Онда иммундық жүйе ұйқы безінің инсулин өндірісіне жауап беретін бета-клеткаларын дұрыс танымай, шабуыл жасайды. Нәтижесінде олар жойылады, инсулин деңгейі жеткіліксіз болып, қандағы глюкоза деңгейі жоғарылайды. I типті диабетпен ауыратын науқастарға қанттың оңтайлы деңгейін ұстап тұру және ауыр асқынулардың алдын алу үшін инсулинді тұрақты түрде енгізу қажет.
 
  • II типті диабет, инсулинге тәуелді емес диабет ретінде де белгілі. Негізінен ересектерде жиі кездеседі, бірақ ол балалар мен жасөспірімдерде де анықталады. Бұл ауру инсулинге төзімділік нәтижесінде дамиды, яғни жасушалар инсулинге тиімді жауап беру қабілетін жоғалтады. Қандағы қант деңгейін қалыпты ұстауға дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық жаттығулар жасау және дәрі-дәрмек терапиясы көмектеседі. Ал жағдай ұиындаған шақта глюкоза деңгейін басқару үшін инсулин қолдану қажет болуы мүмкін.
 

Сонымен қатар, гестациялық диабет те кездеседі. Ол жүктілік кезінде пайда болады және әдетте босанғаннан кейін кетеді. Бұл жағдай арнайы диетаны сақтау мен қажет болған жағдайда инсулин терапиясын талап етеді.

 

Қант диабетінің белгілері

 

Симптоматология аурудың түріне және ауырлығына байланысты. Мысалы, I типті қант диабеті тез дамуы мүмкін, ал II типті қант диабеті ұзақ уақыт бойы симптомсыз болуы ықтимал. Жалпы белгілерге мыналар жатады:

 
  • Жиі зәр шығару, зәр көлемінің ұлғаюы
  • Тұрақты шөлдеу және сұйықтықты көп тұтыну
  • Ауыздың құрғауы
  • Тәбеттің жоғарылауы
  • Жаралардың ұзақ жазылуы және теріде іріңді ісіктердің пайда болуы
  • Жұмыс қабілетінің төмендеуі және жылдам шаршау
  • Салмақ жоғалту немесе семіздік
 

Себептер мен қауіп факторлары

 

Қант диабеті ұйқы безі мен инсулинді реттеуге әсер ететін әртүрлі факторлардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Негізгі алғышарттар мен қауіп факторларына мыналар жатады:

 
  • Генетикалық бейімділік
  • Семіздік және жеткіліксіз физикалық белсенділік
  • Иммундық бұзылулар
  • Вирустық аурулар
  • Кортикостероидтарды қабылдау
  • Жүрек-қан тамырлары аурулары
 

Қант диабетін диагностикалау

 

Ауруды диагностикалау үшін эндокринологтың кеңесі қажет. Дәрігерлер қандағы қант деңгейін және қант диабетінің белгілерін анықтау үшін сынақтар жүргізеді:

 
  • Глюкоза деңгейін анықтау үшін аш қарынға қан анализі
  • Соңғы 2-3 айдағы қанттың орташа деңгейін бағалау үшін гликатталған гемоглобинді талдау (HbA1c) 
  • Глюкозаға төзімділікке арналған жүктеме сынағы
  • Глюкоза мен кетон денелерін анықтау үшін зәр анализі
 

Қант диабетін емдеу

 

Қант диабетін емдеу глюкоза деңгейін төмендетуді және асқынулардың алдын алуды қамтиды. Негізгі әдістерге мыналар жатады:

 
  • Қандағы глюкозаны төмендететін дәрілер
  • Инсулин инъекциясы (қант диабетінің I типі бар науқастар үшін, сондай-ақ II типі бар кейбір науқастар үшін)
 

Арнайы диетаны ұстану және қандағы қант деңгейін үнемі бақылау маңызды. Эндокринолог жеке емдеу режимін әзірлейді және пациентті бақылау процесінде оны түзетіп отырады.


Қант диабетінің алдын алу

 

Қант диабеті жағдайларының көбеюін ескере отырып, алдын-алу бірінші кезектегі міндетке айналады. Алдын алудың негізгі әдістеріне мыналар жатады:

 
  • Дене салмағының төмендеуі
  • Тұрақты физикалық белсенділік
  • Көкөністер мен жемістердің жеткілікті мөлшерін тұтыну
 

Диабет симптомдары пайда болған жағдайда уақытында маманға жүгіну денсаулыққа тиер ауыр зардаптарды алдын алуға көмектеседі.


 

Запись на прием в EMIRMED

Запишитесь на прием сегодня, легко, быстро, удобно

Новости и акции

Новость
technologies

Цифровой ПЭТ КТ

03.02.2026

В ЭМИРМЕД теперь можно пройти диагностику на цифровом ПЭТ-КТ - БЕСПЛАТНО - по направлению из государственной поликлиники.
ПЭТ-КТ - это современный и самый точный метод диагностики онкологии на ранних стадиях, оценивать распространённость процесса и контролировать эффективность лечения.
ЭМИРМЕД - единственная сеть клиник в Центральной Азии, где используется цифровой ПЭТ-КТ и действует собственное производство радиофармпрепаратов, необходимых для проведения исследования. На ПЭТ-КТ принимаются взрослые и дети.

Исследование назначается при:

  • онкологических заболеваниях (диагностика, стадирование, контроль лечения);
  • Обследование проводится на современном цифровом оборудовании с участием квалифицированных врачей и соответствует международным стандартам диагностики.

Чтобы пройти ПЭТ-КТ в Эмирмед:
обратитесь к своему онкологу по месту прикрепления ваш онколог при наличии показаний для ПЭТ-КТ оформит направление через НЦРЗ имени Салидат Каирбековой это направление дает вам право пройти бесплатное исследование по госпрограмме (ГОБМП) в любой из клиник, где есть аппарат ПЭТ-КТ вы можете выбрать ЭМИРМЕД и оставить комментарий, что желаете пройти диагностику именно на цифровом ПЭТ-КТ в Эмирмед

Новость
technologies

Цифрлық ПЭТ КТ

03.02.2026

ЭМИРМЕД емханалар желісінде енді мемлекеттік емхана берген жолдама арқылы цифрлық ПЭТ-КТ диагностикасынан ТЕГІН өтуге болады.
ПЭТ-КТ — онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға, ісік үдерісінің таралуын бағалауға және емнің тиімділігін бақылауға мүмкіндік беретін ең заманауи әрі ең дәл диагностикалық әдіс.
ЭМИРМЕД — Орталық Азиядағы цифрлық ПЭТ-КТ қолданылатын және зерттеу жүргізу үшін қажетті радиофармпрепараттарды өз өндірісінде дайындайтын жалғыз емханалар желісі.
ПЭТ-КТ тексеруінен ересектер де, балалар да өте алады.
Зерттеу келесі жағдайларда тағайындалады: 
онкологиялық аурулар (диагностика, сатысын анықтау, емді бақылау).
Тексеру заманауи цифрлық жабдықта, білікті дәрігерлердің қатысуымен жүргізіледі және халықаралық диагностикалық стандарттарға толық сәйкес келеді.
ЭМИРМЕД емханаларында ПЭТ-КТ-дан өту үшін:
    •    тіркелген жеріңіздегі онколог дәрігерге жүгініңіз;
    •    онколог көрсетілімдер болған жағдайда Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы (ҰҒДСДО) арқылы жолдама рәсімдейді;
    •    бұл жолдама сізге МӘМС/ТМККК (ГОБМП) аясында ПЭТ-КТ зерттеуінен тегін өтуге құқық береді;
    •    ПЭТ-КТ аппараты бар кез келген клиниканы таңдауға болады, соның ішінде ЭМИРМЕД-ті таңдап, түсіндірмеде зерттеуді дәл цифрлық ПЭТ-КТ аппаратында ЭМИРМЕД-те өтуді қалайтыныңызды көрсетуге болады.

slider-arrow
slider-arrow