Гинекология
Оториноларингология (ЛОР)
Урология
Педиатрия
Гастроэнтерология
Офтальмология
Лучевая диагностика
Эндокринология
Инфекционное отделение
Хирургия
Кардиология
Функциональная диагностика
Аллергология
Анестезиология
Венерология
Гематология
Дерматология
Клинико-диагностическая лаборатория
Маммология
Терапия
Наркология
Неврология
Нейрохирургия
Нефрология
Онкология
Проктология
Психотерапия
Подология
Процедурный кабинет
Пульмонология
Ревматология
Сомнология
Сосудистая хирургия
Стоматология
Сурдология
Сексология
Травматология
Трихология
Ультразвуковая диагностика
Физиотерапия
Эндоскопия
Эпилептолог
Лабораторные анализы
Гепатология
Паразитология
Репродуктология
Акушер-гинеколог
Аритмология
Медицинские справки
Андрология
Дерматовенерология
Дерматокосметология
Онкогинекология
Ортопедия
Радиология
Флебология
Фониатрия
Процедурный кабинет
Вызов врача на дом
Отвечаем 24/7 без выходных
Записаться онлайн
Вход /
Регистрация
RU
Артрит: профилактика, диагностика және емдеу
25.04.2025
Артрит — бұл буындардың қабынуы кезінде пайда болатын, көптеген ауруларды біріктіретін термин. Ауру буынның түрлі элементтерін, яғни шеміршек, буын капсуласын, синовиальды қабықты зақымдайды. Қабыну ісіну, ауырсыну, қозғалғыштықтың төмендеуіне алып келеді. Ал егер емделмесе, буын зақымдалады. Бұл өз кезегінде мүгедектікке алып келуі ықтимал. Артрит өткір, айқын белгілермен де, созылмалы түрде де баяу дамуы ықтимал.
Әлемде 1000 адамның әр 9,5-іне артрит диагнозы қойылады. Ауру барлық жастағы адамдарға, оның ішінде балаларға да әсер етуі мүмкін. Бірақ 40 жастан асқан әйелдерде жиі кездеседі. Дегенмен, 50 жастан кейін ерлер де осы ауруға ұшырауы мүмкін.
Артрит түрлері
Артриттің түрлі формалары көптеген факторға, яғни жас мөлшері, инфекциялар, жарақаттар немесе аутоиммунды процестерге байланысты. Артриттің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
● Остеоартрит - буындардағы шеміршек тіндерінің табиғи тозуымен байланысты ең көп таралған түрі, бұл ауырсыну мен деформацияны тудырады.
● Ревматоидты артрит-иммундық жүйе өз буындарына шабуыл жасай бастайтын аутоиммунды ауру. Бұл созылмалы жағдай, көбінесе қолдар мен аяқтардың ұсақ буындарына әсер етеді, ауырсынуды, деформацияны және қозғалғыштығын шектейді.
● Жұқпалы артрит-инфекцияның қан арқылы немесе жарақаттан буынға енуінен пайда болады. Тіндердің одан әрі бұзылуын болдырмау үшін дереу емді қажет етеді.
● Реактивті артрит — зәр-жыныс жүйесі мен ас қорыту жолдарының инфекциялық аурулары нәтижесінде пайда болатын қабыну ауруы.
● Псориатикалық артрит-псориаз сияқты аурумен байланысты және буындарға әсер етеді, аяқ пен омыртқа аймағында ауырсыну мен деформацияны тудырады.
● Травматикалық артрит — жарақаттар салдарынан пайда болады, буын элементтері зақымданып, бұл қабынуға және буынның жұмысын бұзуға әкеледі.
● Ювенильді артрит — балаларда буындардың қабынуы, ол созылмалы сипатқа ие болуы мүмкін және уақытында емделмеген жағдайда асқынуларға әкелуі мүмкін.
Артрит екіге бөлінеді:
● Өткір – кенеттен басталады, қатты ауырсыну және қабынумен бірге жүреді.
● Созылмалы – баяу дамиды, бірақ буындардың біртіндеп бұзылуына әкелуі мүмкін.
Артриттің себептері
Артриттің пайда болуына әкелетін себептер өте көп, сондықтан дұрыс ем тағайындау үшін негізгі себебін анықтау өте маңызды. Сол себептердің ішінде:
▪️ Жасқа байланысты буындардың тозуы – шеміршек тінінің табиғи қартаю процесі.
▪️ Жарақаттар – буындардың зақымдануы қабынуға әкеліп, олардың қалыпты жұмысын бұзады.
▪️ Инфекциялар – буынға қан арқылы немесе жаралар арқылы түскен бактериялар, вирустар немесе зеңдер.
▪️ Аутоиммунды аурулар – иммундық жүйенің бұзылуы салдарынан ағза өз буындарына шабуыл жасай бастайды (мысалы, ревматоидты артрит кезінде).
▪️ Генетикалық бейімділік – аурудың даму қаупін арттыратын тұқым қуалайтын факторлар.
▪️ Артық салмақ – буындарға, әсіресе тізе мен жамбас буындарына қосымша жүктеме түсіреді.
▪️ Аз қозғалысты өмір салты – физикалық белсенділіктің аздығы бұлшықеттер мен буындардың әлсіреуіне әкеліп, қабыну қаупін арттырады.
▪️ Шамадан тыс физикалық жүктемелер – буындардың үнемі шамадан тыс жүктемеге ұшырауы олардың тозуына себеп болуы мүмкін.
▪️ Дұрыс тамақтанбау – зәр қышқылының деңгейін арттыратын тағамдарды (мысалы, қызыл ет, алкоголь) тұтыну подагралық артриттің дамуына түрткі болуы мүмкін.
Артриттің белгілері
Артриттің белгілері оның түріне байланысты, бірақ жалпы белгілерге мыналар жатады:
● Буындардың ауруы – қозғалыс кезінде немесе тыныштықта, әсіресе түнде күшейеді.
● Зақымданған буын аймағындағы ісіну және қызару.
● Қимыл-қозғалыстың шектелуі – егер емделмесе, бұл шектеу тұрақты болуы мүмкін.
● Буындардың деформациясы – аурудың созылмалы түрінде буын пішінінің өзгеруі байқалады.
● Жалпы әлсіздік, әлсіреу, тез шаршау – бұл ревматоидты артритке тән белгілердің бірі.
Артритті диагностикалау
Дәл диагноз қою және емдеу тактикасын таңдау үшін дәрігер кешенді тексеру жүргізеді, оған мыналар кіреді:
● Қан және зәр анализдері – қабыну, инфекция немесе аутоиммунды процестерді анықтау үшін.
● Синовиальды сұйықтықты талдау – буындағы қабыну процестерін диагностикалау үшін.
● Рентген, КТ, МРТ – шеміршек, сүйек және айналадағы тіндердің жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін визуализация әдістері.
● Артроскопия – буын ішін арнайы камера арқылы көруге мүмкіндік беретін, зақымданулар мен қабынуды анықтайтын минималды инвазивті әдіс.
Артритті емдеу
Артритті емдеу оның түрі мен ауырлығына байланысты. Көп жағдайда емдеу мыналарды қамтиды:
▪️ Медикаментозды терапия – қабынуға қарсы препараттар (СҚҚП), қабынуды азайту үшін кортикостероидтар, аутоиммунды ауруларды бақылауға арналған иммунодепрессанттар, инфекциялық артрит кезінде антибиотиктер.
▪️ Физиотерапия – буындардың қозғалыс қабілетін қалпына келтіріп, ауырсынуды азайтуға көмектесетін арнайы жаттығулар кешені.
▪️ Қолдаушы шаралар – буындарға түсетін жүктемені азайту үшін бандаж, ортопедиялық аяқ киім немесе арнайы ұлтарақтар кию.
▪️ Хирургиялық әдіс – егер консервативті ем нәтиже бермесе, ауыр жағдайларда буынды ауыстыру (эндопротездеу) қажет болуы мүмкін.
Реабилитация және психологиялық көмек – созылмалы ауырсыну мен қозғалыстың шектелуі өмір сапасына әсер етуі мүмкін, сондықтан кешенді қолдау қажет.
Артриттің асқынулары
Емделмеген жағдайда артрит ауыр салдарға әкелуі мүмкін:
▪️ Буынның толық бұзылуы – ауру асқынып кеткен жағдайда шеміршек пен сүйек тіндерінің жойылуы ықтимал.
▪️ Қозғалу қабілетінің жоғалуы – уақтылы ем болмаса, бұл өзгеріс қайтымсыз болуы мүмкін.
▪️ Сепсис – инфекциялық артрит кезінде іріңді қабыну басқа мүшелерге таралып, қанның улануына алып келуі мүмкін.
Артриттің алдын алу
Артриттің дамуы мен оның асқыну қаупін азайту үшін мына шараларды орындау ұсынылады:
● Тұрақты физикалық белсенділік – жүзу, жүру, йога сияқты орташа жүктемелі жаттығулар буындардың саулығын сақтауға көмектеседі.
● Салмақты бақылау – дене салмағын қалыпты деңгейде ұстау буындарға түсетін жүктемені азайтады және олардың тозуының алдын алады.
● Дұрыс тамақтану – қабынуды қоздыратын тағамдарды (майлы тағам, алкоголь) шектеп, дәрумендерге, минералдарға және Омега-3 май қышқылдарына бай тағамдарды тұтыну буындардың саулығын қолдайды.
● Дәрігерге тұрақты қаралу – егер тұқымқуалаушылық немесе басқа қауіп факторлары болса, буын саулығын бақылау үшін дәрігерге үнемі қаралып тұру қажет.
Егер сізде артриттің белгілері байқалса немесе сіз тәуекел тобына жатсаңыз, дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз. Буындарыңыз бен денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз – уақтылы тексеруден өтіп, емді бастаңыз!
Запись на прием в EMIRMED
Запишитесь на прием сегодня, легко, быстро, удобно
г. Алматы, ул. Розыбакиева, 37В
г. Алматы, ул. Нусупбекова, 26/1
г. Алматы, ул. Манаса, 59
г. Алматы, 8 микрорайон, 58А
г. Алматы. мкрн. Аксай 2, д. 44а
г. Астана. ул.Куйши Дина, 9
г. Шымкент, ул. Еримбетова, 44
г. Шымкент, ул. Рашидова, 36/15
г. Алматы, ул. Пограничная, 1/1
г. Алматы, ул. Турара Рыскулова, 143в
г. Алматы, Желтоксан 110
г. Алматы, ул. Манаса, 55 (угол Жандосова)
г. Алматы, Микрорайон Калкаман, 4/6
Все права защищены. EMIRMED 2024
Я даю согласие на обработку персональных данных
Я даю согласие на обработку персональных данных
Алматы на Розыбакиева
г. Алматы, ул. Розыбакиева, 37В
Алматы на Нусупбекова
г. Алматы, ул. Нусупбекова, 26/1
Алматы на Манаса
г. Алматы, ул. Манаса, 59
Алматы 8 мкр-н
г. Алматы, 8 микрорайон, 58А
Алматы. мкрн. Аксай 2, д. 44а
г. Алматы. мкрн. Аксай 2, д. 44а
Астана, Куйши Дина 9
г. Астана. ул.Куйши Дина, 9
Шымкент на Еримбетова
г. Шымкент, ул. Еримбетова, 44
Шымкент на Рашидова
г. Шымкент, ул. Рашидова, 36/15
Алматы, Пограничная 1/1
г. Алматы, ул. Пограничная, 1/1
Алматы на Рыскулова
г. Алматы, ул. Турара Рыскулова, 143в
Алматы, Желтоксан 110
г. Алматы, Желтоксан 110
Манаса, 55 (угол Жандосова)
г. Алматы, ул. Манаса, 55 (угол Жандосова)
Алматы, Микрорайон Калкаман, 4/6
г. Алматы, Микрорайон Калкаман, 4/6
Алматы
Шымкент
Астана
Я даю согласие на обработку персональных данных
Я даю согласие на обработку персональных данных
Я даю согласие на обработку персональных данных