Қазақстанда әйелдер арасында сүт безі обыры өршіп тұр
28.10.2025
Сүт безі қатерлі ісігі – әлем бойынша әйелдер арасында ең жиі кездесетін онкологиялық дерт.
Қазақстанда жыл сайын шамамен 5000 әйелге осы диагноз қойылады.
Эмирмед клиникасының онколог-дәрігері Тұмаров Самат Ерболұлы аурудың себептері, белгілері мен ерте анықтаудың өмірді сақтайтын маңызы туралы айтып берді.
«Бұл емделетін дерт. Ең бастысы — уақытында анықтау», — дейді онколог Тұмаров Самат Ерболұлы.
Көптеген әйелдер дәрігерге кеш жүгінеді, ал аурудың 3–4 сатысында емдеу қиындай түседі.
Мамандардың айтуынша, дер кезінде скринингтен өткен әйелдердің 90%-ы толық жазылып шығады.
Соңғы жылдары сүт безі қатерлі ісігі тек ересек жастағы әйелдерде ғана емес, 20–30 жастағы қыз-келіншектерде де жиі анықталып жүр.
«Бүгінде дерт жасарып барады. Тіпті 27 жастағы үш баланың анасы да қатерлі ісікке шалдықты. Бұрын мұндай жағдай сирек кездесетін», — дейді дәрігер.
созылмалы стресс және ұйқының жетіспеушілігі;
гормондық өзгерістер мен кеш босану;
тұқым қуалаушылық;
экологиялық жағдай мен зиянды әдеттер;
артық салмақ және дұрыс тамақтанбау.
Онкологтардың айтуынша, әйелдер өз денесін үнемі бақылап, профилактикалық тексеруден өтіп тұруы қажет.
Бұл небәрі 5 минут уақытыңызды алады, бірақ өміріңізді сақтап қалуы мүмкін.
Етеккір аяқталғаннан кейінгі 5–7 күнде (сол кезде без тіндері жұмсарады).
Егер етеккір жоқ болса — айдың бір күнін белгілеп, әр ай сайын сол күні тексеру.
Қалай тексеру керек:
Айна алдында қараңыз.
Сүт безінің пішіні мен өлшеміне назар аударыңыз.
Терідегі өзгерістерге (бүрісу, қызару, тартылу) мән беріңіз.
Тұрақты ісіну немесе түс өзгерісі байқалса — бұл белгі.
Қолмен тексеру.
Бір қолыңызды жоғары көтеріп, екінші қолдың саусақтарымен кеуде тінін айналдыра басып көріңіз.
Түйін, қаттылық немесе ауырсыну байқалса — дереу дәрігерге барыңыз.
Қолтық астын тексеріңіз.
Лимфа түйіндерінің ұлғаюы да алғашқы белгілердің бірі болуы мүмкін.
Ағынды тексеріңіз.
Егер емізіктен өздігінен сұйықтық бөлінсе — бұл да маңызды симптом.
20 жастан бастап — жылына бір рет дәрігер қарауында болу;
40 жастан кейін — маммография міндетті;
өз-өзіне тексеруді ай сайын айна алдында жасау;
кез келген өзгерісті байқасаңыз — дереу маманға жүгіну.
«Кеш босану, стресс, гормондық өзгерістер — қауіп факторлары.
Бірақ ең қауіптісі — қорқу мен үндемеу», — дейді Самат Ерболұлы.
Эмирмед клиникасының басты мақсаты — әйелдерді сүт безі қатерлі ісігінен қорғау және ерте диагностика мәдениетін қалыптастыру. Мұнда білікті онкологтар, маммологтар және диагност дәрігерлер заманауи құралдар арқылы тексеру жүргізеді.
Әр әйел өз ағзасын тыңдап, өзгерісті байқаса — уақыт жоғалтпай тексерілуі қажет.
Себебі обыр ерте анықталса – емделеді.
🎥 Эмирмед клиникасының YouTube арнасында онколог-дәрігер
Тұмаров Самат Ерболұлымен толық сұхбатты көріп, сүт безі қатерлі ісігі туралы көбірек біліңіз:
👉 Толық видеоны көру үшін осында өтіңіз
Қабылдауға жазылу EMIRMED
Қабылдауға бүгін, оңай әрі тез жазылыңыз
Мен келісім беремін Жеке деректерді өңдеу
Шымкент
Астана
Алматы
Мен келісім беремін Жеке деректерді өңдеу
Мен келісім беремін Жеке деректерді өңдеу
Мен келісім беремін Жеке деректерді өңдеу